АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ... ! — ҚазҰУ

91ý

АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ... !

24 қыркүйек 2021
АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ... !

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылдың 11 қазандағы «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» №689 қаулысының негізінде айтулы мерекелердің арасында Қазақстан Халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланады.

Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болыпбелгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуынада, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» депұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшінкүрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанкүні.

2021 жылдың 11 қыркүйегінде, онлайн форматта, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология факультеті, Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы Өтемісова Гүлмира Жеткергенқызының ұйымдастыруымен Қазақ филологиясының 203 оқу тобы студенттері тіл тазалығын сақтау, ана тілін құрметтеу, сүйе білуге тәрбиелеу мақсатында «АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ...!» атты әдеби-танымдық мерекелік кеш өткізді.

Сағидуллин Арсен мен Тұрсынбай Зухра жүрекке жетер дауыстарымен кешті әдемі жүргізді. Оқа Жанат, Оңғарбай Сейткерім, Сабыржан Ершат қазақ тілі туралы айтқан ұлылардың сөздерін актёрлік шеберлікпен сомдады. Тансықбаева Феруза Ахмет Байтұрсынұлының тіл туралы тағылымды ойларын видео дерекпен әдемі таныстырды. Шайық Жәнел, Тансықбаева Феруза өз шығармашылығынан жүрек қозғар арнауларын жеткізді. Сәкен Сейфуллиннің «Тіл» өлеңін Тұрсын Жансая, Шубаева Айгерім, Шаймерденова Камила, Серікова Ұлнар, Серікбол Бүрлен, Оңғарбай Сейткерім, Сейтжаппар Ақтілек мәнермен жеткізді. Тимурова Адина Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңін мәнерлеп оқып берді. Тимурова Адина, Тұрсын Жансая, Сұраншы Дамира видео-ақпараттық қолдау көрсетті. Оңғарбай Сейткерім, Сабыржан Ершат, Шаймерденова Камила «Адай» күйін шебер тартып, кешті әдемі нотада аяқтады.

Кешке қатысқан көрермендерге алғыс білдіреміз!

Тілімізді бар байлығымыздай бағалайық! Қазақ тілінің тұғыры биік, мәртебесі үстем болсын!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Филология факультеті

Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к.

Өтемісова Г.Ж.