"Жас талант - 2021" байқауы басталды! — ҚазҰУ

91ý

"Жас талант - 2021" байқауы басталды!

7 қазан 2021
"Жас талант - 2021" байқауы басталды!

Құрметті 1- курс студенттері!

Сіздерді ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясындаәл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін «ЖАС ТАЛАНТ-2021» атты жастардың көркемөнерпаздар байқауына қатысуға шақырамыз!

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ– жастардың шығармашылық тұрғыдан өркендеуіне жағдай жасап, дарынды таланттарды анықтау. Университеттің қоғамдық өміріне белсенді араласуға баулу.

БАЙҚАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ:

Музыкалық аспаптарда ойнау шеберлігі (домбыра, қобыз, баян, фортепиано, сыбызғы, саксафон, дарбука, барабан және т.б.);
Әншілер байқауы (дәстүрлі, эстрадалық, Q-POP, бибокс және т.б.);
Бишілер байқауы (халықтық, заманауи, классикалық);
Актерлік шеберлік;
Жүргізушілер байқауы;
Қолөнер және жас суретшілер байқауы;
Жас ақындар байқауы.

БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

Байқауға тек 1-курс студенттері қатыса алады;
Видео 2 минут;
Қолөнер өнімдері мен суреттері сапалы фотоға түсірілуі керек;
Видео, фотолар көлденеңінен түсірілуі керек.

Жүлдегерлер арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.