Университет кітаптары Анкара көрмесіне қойылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті баспа үйінен жарық көрген өнімдерXVI-халықаралықАнкаракітап көрмесінде жұртшылық назарына ұсынылды.

Шараныңашылу салтанатынаТүркияныңҰлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп,Қазақстанның Түркиядағы елшісіАбзал Сапарбекұлы,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессорӘділ Ахметовжәне жергіліктіақын-жазушылармен баспагерлерқатысты.
Түркияның 300-ден астам ірі баспа үйі, баспаханалар мен жарнама агенттіктерібас қосқанжәрмеңкеге биылҚазақстан «қонақ мемлекет» мәртебесіндешақырылған. Ал«Қазақ университеті» баспа үйіауқымды жобада алғаш рет өз өнімдерінтаныстыруға мүмкіндік алды.Ұйымдастырушылардың дерегінше, бір аптаға созылатын көрмені 350 мыңнан астам кітапсүйер қауым тамашаламақ.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұсынған топтамалар қатарында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының дипломатиясы», «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты»,әл-Фараби еңбектері, Абайтану, Сүйінбайтану сериялары, Жамбыл Жабаевтың 2 томдық шығармалар жинағы және университет оқытушыларының ғылыми еңбектері бар.

Ашылу рәсіміндеҚазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың қайраткерлік қызметіне арналған Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың түрік тіліндегі «Тарих жасаған тұлға» (аудармашы М.Отарбаев)деректі кітабыкөпшіліктіңайрықшақызығушылығын тудырды.

Бағдарлама барысындаӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дыңАқпарат және коммуникациялар департаментініңбас маманы,жазушы-журналистНұрғали Ораздың түрікшеге аударылған «Қазығұрт оқиғалары»,Ректордың кеңесшісі М.Отарбаевтың тәржімасыменЖамбыл Жабаевтың «Көроғлы дастаны»,«Юнус Эмре» жыржинағыныңтаныстырылымы жоспарланған.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі