ЛИССАБОН ИНСТИТУТЫНДАҒЫ КӨКТЕМГІ СЕМЕСТР — ҚазҰУ

91ý

ЛИССАБОН ИНСТИТУТЫНДАҒЫ КӨКТЕМГІ СЕМЕСТР

10 қараша 2021
ЛИССАБОН ИНСТИТУТЫНДАҒЫ КӨКТЕМГІ СЕМЕСТР

Құрметті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторанттары!

Халықаралық байланыс департаменті 2021/22 оқу жылының көктемгі семестріне Erasmus+ халықаралық несиелік ұтқырлық жобасының аясында Лиссабондағы Iscte университетінің институтында (Лиссабон, Португалия) оқу мүмкіндігі туралы хабарлайды.

Iscte – Лиссабон университетінің институты мынадай салалар бойынша білім беру пәндерін ұсынады:

· Ақпараттық ғылым және технология
· Электротехника
· Жасанды интеллект
· Робототехника
· Интеллектуалды басқару жүйелері
· Үлкен деректерді талдау
· Медицинадағы жасанды интеллект

Барлық үміткерлер тапсыратын жалпы құжаттар:

1. Сурет

2. Паспорт немесе жеке басын куәландыратын құжат

3. Транскрипті

4. Тілді меңгеру деңгейін анықтайтын сертификат (ағылшын тілі B2)

5. Ынталандыру хаты

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 23 қараша 2021 жыл

Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық байланыс департаментімен (Бас әкімшілік ғимарат, 12-қабат, 1204 кабинет, тел. +7 (727) 3773333 (1167) хабарласуға болады.

Мансұрова Мәдина Есімханқызы,

Жасанды интеллектжәнеBig data кафедрасыныңмеңгерушісі

тел: +7 701 415 1960