2022 жылдың 28 мамырында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағыҚазҰУ-дыңЭкономика және бизнес жоғары мектебі жыл сайынғы дәстүрлітүлектер күнін өткізді.
2022 жылғы Түлектер күніне мемлекеттік органдардың, ғылым жәнебизнес-қоғамдастықтардың, Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің серіктес университеттерінің өкілдері болып табылатын әр жылдардағы мерейтойлық түлектері, Экономика жоғары мектебінің оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты.
"ЭБЖМ-2022 Түлектер күнін" э.ғ.к., профессор м.а.Л.А.Бимендиеваашып, 1991 жылғыЭкономика факультетінің түлегі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ академиялық мәселелер жөніндегіБасқарма мүшесі -проректоры Фатима Надырқызы Жақыповаға алғы сөз берді. Содан кейін дәстүр бойынша қонақтар мен түлектер "Gaudeamus"халықаралық студенттер әнұранын шырқады.
Түлектер қауымдастығы кеңесінің отырысыЭкономикафакультеттің 1961 жылғы түлегі, э.ғ.д., профессорУ.К.Шеденов және 1979 жылғы түлегі М.С.Төлегенованың құттықтау сөзімен жалғасты.
ЭЖБМ студенттері атынан 3 курс студенті Таждинов Нұрсұлтандомбырада күй тартты.
"Тұран" университетінің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры, э.ғ.д., профессор Лейла Амангелдіқызы Түсіпова құттықтаусөз сөйлеп, жылы лебізінбілдірді.
Туған факультетінеәр жылдыңмерейтойлық түлектері құттықтау сөз сөйледі: ҚалибековМақсат – QBI Analytics компаниясының құрылтайшысы, директоры; Серікбекұлы Асхат – Экономикалық зерттеулер орталығының директоры; Байарыстан Ғазиз Доғдырбайұлы – Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылдық округінің әкімі; Жидебекқызы Ақнұр - ЭБЖМ деканының орынбасары; Баймуратова Мадина – жеке кәсіпкер; Джамашева Әсел–Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппаратыҚұжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы.Олар студенттік жылдар туралы естеліктерімен, өз тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ ЭБЖМ мен кафедралар ұйымдастыратын іс-шаралар шеңберінде ғана емес, сонымен қатар бейресми жұмыс және жеке кездесулер деңгейінде студенттермен белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға үміт білдірді.
"Экономика" кафедрасының түлектері тәжірибе алмасу, өндірістік тәжірибені өткізу бойынша білім алушылармен байланыс орнату бойынша ұсыныстарын білдірді. Мақсат Қалибеков студенттердің жұмыс берушілермен бірлескен жұмыс жүргізу идеясын алға тартты.
Мерейтойлықжылдар түлектерінің сөзіненкейін Экономикажәне бизнесжоғары мектебініңстуденттері музыкалық өнерінкөрсетті.«Экономика»кафедрасы атынан: Кенжибекова Айнұр сөз сөйлеп– «Күйлерден попурри», «Қаржы және есеп» кафедрасы атынан 2 курс студенті Хусаинов Әділет «Отан ана» әнін паш етті.
«Менеджмент» кафедрасының түлегі, президенттік стипендия иегері, қызыл дипломға үміткер Көптілеуова Қымбат Нұртілеуқызы 2022 жылғы түлектер атынанқұттықтау сөз сөйледі.
Дәстүр бойынша үздік студенттерге жеке шәкіртақы тағайындалып, әр жылғы түлектерге материалдық жәрдемақылар берілді. Университет жобаларын қолдау мақсатында түлектер қатысушылары 30 студентке шәкіртақы тағайындады.
ЭБЖМ студенттерінің атынан«Бизнес технологиялар»кафедрасының4 курс студенті Казыбаева Маржан-"Қазақстаным алға"атты музыкалық сәлемдеме жолдады.
Кездесу соңындаЭБЖМ деканыэ.ғ.к., профессор м.а. Л.А.Бимендиева байланыстарды дамыту, түлектер базасын кеңейту, қонақ дәрістерін, шеберлік сыныптарын қалыптастыру, студенттерге түрлі беделді конкурстардың қатысуына ықпал ету,нетворкингті дамыту сияқты мәселелерді көтеріп, кешті қорытындылады.
ЭБЖМ түлегі күнінің соңында "Қошасу вальсі"аттымузыкалық нөмірікездесуге қатысушыларды ән мәтінінің әуезділігімен және терең сөздерімен қатты таң қалдырды. Іс-шара естелік фотосессиямен аяқталды.
Әл-Фараби атындағыҚазҰУкөптеген көрнекті қазақстандық ғалымдардың, мемлекеттік қайраткерлердің, белгілі бизнесмендердің, ректорлардың, спортшылардың еліміз мақтан тұтатын Alma-mater-іболып табылады!
Басқа жаңалықтар