Сапалы медициналық білім беруді жетілдіру келісілді — ҚазҰУ

91ý

Сапалы медициналық білім беруді жетілдіру келісілді

5 қазан 2022
Сапалы медициналық білім беруді жетілдіру келісілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндеӘбуӘлиибн СинаатындағыТәжік мемлекеттік медицина университеті делегациясыныңсапары аясындаекіжақтыынтымақтастықтыңбілім, ғылым және медицинаны дамытубағыттарыталқыланды.

КездесудеҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі –ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Хайдар Тасыбеков университет жетістіктеріне тоқталып,тәжікстандық әріптестермен ынтымақтастық аясын кеңейтуге, екіжақты ықпалдастықмүмкіндіктерінталқылауғадайын екенін жеткізіп,өзара әріптестіктің маңызын атап өтті.

Ректор Гүлзода Махмадшох Курбоналиөз кезегіндеӘбуӘлиибн Сина атындағыТММУқызметі жөнінде ақпарат берді.

Тәжік мемлекеттік медицина университеті1939 жылы құрылған.Душанбе қаласындағы оқу орнындабес:медициналық, стоматологиялық, фармацевтикалық,педиатриялық, медициналық-профилактикалықфакультеттер бар. Оқу орнында12 мыңнан астам студент, 20 мемлекеттенкелген2000шетел азаматы оқиды. Оқыту тәжік, орыс және ағылшынтілдерінде жүргізіледі. Университет медицинаның әртүрлі бағыттары бойынша 49 мыңнан астамтүлекшығарған.


«Жоғары оқу орнының кадр құрамының дәрежесі 49 пайыздан асады.Әрине, біз әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықтыдамытуғаұмтыламыз. Қазіргі уақытта 150-ден астам шетелдік университетпенкелісімшартжасалды.Украина, РФ, Германия, Литва, Беларусь, Қазақстан университеттерімен жан-жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Соның ішіндеҚазҰУ-мен медициналық бағыт бойынша ұзақ байланыстарымыз бар. Болашақтабіз өзараакадемиялық алмасу, қосдипломды білім беру сияқты ынтымақтастық бағыттарынжолға қоямыздеп үміттенеміз. Бұлоқытушылар мен студенттерді жетістікке жетелеп,біліктілігін арттыруға ықпал етеді», – дедіТММУ ректоры.

Кездесуде тараптарөзаратиімді әріптестіктіжаңа бағытта дамыту мәселелерін талқылады.Сондай-ақшетелдікделегация ҚазҰУ-дыңғылыми-зерттеу институттары мензертханаларынаралап, ғылыми жетістіктерімен танысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дыңБаспасөз қызметі