ҚазҰУ-да скери журналистика туралы алғашқы оқу-дістемелік кітабы таныстырылды
Әл-Фараби кітапханасында профессор Лейла Ахметованың«Военная журналистика 1940-22.06.1941 годов: на примере публикацийвоенкораМ.Даурембаева»атты оқу-дістемелік кітабының тұсаукесер рсімі өтті.
Шараға журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантай, академик Ханкелді Әбжанов, Бостандық ауданыардагерлер кеңесінің төрайымы Әсен Беспаева,атақтыгенерал Панфиловтың немересі,композитор Алуа Байқадамованыңқызы, Алматы қаласылеуметтік л-ауқат басқармасының«Жан-Сая»дағдарыс орталығының жетекшісіЗулфия Байсақова, оқытушы-ғалымдаржнемайдангер журналист М.Дурембаевтың ұрпақтары қатысты.

Журналистика факультетініңдеканы Нұржан Қуантайұлы профессорЛейла Сейсенбекқызын арнайы құттықтап, ғалымның журналистика тарихына қосқан үлесін атап өтті. «Ширек ғасыр бойы қазақстандық жауынгерлердің есімдерін жаңғыртуға атсалысып жүрген Лейла Сейсенбекқызы соғыс тақырыбын зерттеуде көз майын тауысқан ғалым. 2016 жылы «1941. Брестская крепость. Казахстан» атты кітабы жарыққа шыққан. Сол кітаптың жалғасы ретінде бүгінтағы бір ауқымды еңбекоқырманға жол тартты. Бұл жүйелі жұмыс пен ғылыми ізденістің нтижесіндегі оқу құралынан скери журналистиканыңалғашқы тарихи деректерін көре аламыз», –деді факультет деканы.

Шарада Бостандық ауданыардагерлер кеңесінің төрайымы Әсен Беспаева: "Бұл еңбекбіздің келеріміздің қаһармандығына арналған.Ғалымсол кезеңдегі айғақтарды анық көрсетіп,түсінікті рі бай тілде жеткізген. Әскери журналистер мен батырларымыздың өшпес ерлігі мен қайсарлығыкітаптаайқын бейнеленеді".

«Военная журналистика 1940-22.06.1941 годов: напримере публикаций военкора М.Даурембаева»аттыоқу құралындасоғыс алдындағы кезеңдегі журналистика туралы алғаш рет баяндалады. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы Брест бекінісінің тарихын жне 1941 жылы бекіністі қорғауға қатысқан қазақстандықтар туралы зерттеу жұмысында профессорЛейла Ахметовасол кезеңдегі мерзімдік армия басылымына назар аударды. Өкінішке қарай,1939-1941жылдар аралығында скери газеттер жиынтығы шекара маңындағы аудандарда мүлде сақталмаған.Ол басылымдардышегініп бара жатқан кеңестік скерлер өртеп жіберген немесе жаускеріжойған.

Көптеген жылдар бойы Лейла Сейсенбекқызы Брест қамалының болашақ қорғаушыларының соғысқа дейінгі жылдары оқыған газет нөмірлерімен қиындыларын іздестірді. Ол аға сержант Матқали Дурембаевтың 45 жарияланымын тапты, солардың негізінде осы кітап құрастырылды.
Бұл оқуқұралы журналистика факультетінің студенттері үшін, скери журналистер, медиа жне қоғаммен байланыс қызметкерлерін дайындау, жастарға патриоттық трбие беру міндеттерін іске асыру үшін қажетті оқулық.Сондай-ақ ХХ ғасыр тарихы мен Қазақстан тарихын зерттейтін тарихшыларға, саясаттанушыларға жне гуманитарлық сала мамандарына да пайдалы болмақ.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дыңБаспасөз қызметі