Эксетер университетінің (Ұлыбритания) профессоры Алан К.Оутрамның лидерлік дәрісі — ҚазҰУ

91ý

Эксетер университетінің (Ұлыбритания) профессоры Алан К.Оутрамның лидерлік дәрісі

3 қараша 2022
Эксетер университетінің (Ұлыбритания) профессоры Алан К.Оутрамның лидерлік дәрісі

Бүгін Тарих факультетінде Эксетер университетінің (Ұлыбритания) профессоры Алан К.Оутрамның лидерлік дәрісі өтті. Дәріске факультет оқытушылары, студенттерімен қатар Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтының да ғылыми қызметкерлері қатысты.
Дәріс барысында:
- ағылшындардың ортағасырлық соғыс жылқылары;
- зооархеология және оның әдістері;
- заманауи жылқылар мен ортағасырлық соғыс жылқыларының ерекшеліктері туралы айтылды.
Профессордың лидерлік дәрісі ертең 11.00де 405 аудиторияда өз жалғасын табады. Дәріс тақырыбы: «Ботай ескерткішінің алатын орны және жылқыны қолға үйретуге қатысты пікірталастар».