ҚазҰУ-да Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы атап өтілді
Әл-ФарабиатындағыҚазақұлттықуниверситетіндеХалық жазушысыШерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына арналған «Жаңа Қазақстан және Шерхан Мұртаза шығармашылығындағы әділетті қоғам идеясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Мерейтойлық жиындықұттықтау сөзбен ашқынӘл-Фараби атындағыҚазҰУБасқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев«Әдебиетте де, журналистикада да, саясатта да Шерхан Мұртазаның жарқырап даңғайыр даңғыл жолы жатыр. Сол даңғыл жол кейінгі буынға ғажайып, үлкен, дара мектеп болып қалды» – деп, ұлы қаламгердіңұлт руханиятындағы еңбектеріне тоқталды.

Ректор қаламгердіңшығармашылығы мен еңбегін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары бағалап,«Сөз зергері Шерхан Мұртаза журналистикада тұтас бір буынды тәрбиелеп, таланттарға жол ашқан, өзіндік мектебін қалыптастырған қазақ баспасөзінің мәуелі бәйтерегі болды. Абыройлы азамат ретінде биік мінберлерде елдік мәселелерді көтеріп, ұлт мүддесі жолында аянбай күресті.Жазушының қаламынан туған құнды туындылар уақытпен бірге жасап, өскелең ұрпақтың жадында жаңғыра береді», – деп атап өткенін тілге тиек етті.

Бүгінде ұлы жазушының мерейтойы мемлекеттік деңгейде атап өтілуде. Таразда жазушыға еңселі ескерткішорнатылып, туған ауылы Талаптыда әдеби-мемориалдық үйі ашылды. Еліміздің әр өңірінде Шерхан Мұртазаны еске алуға арналған конференция, кездесу, көрмелер ұйымдастырылуда.

Жақында ҚазҰУ қалашығындағы 356 орындық №5 жатақхана күрделі жөндеуден өтіп, журналистика факультетінің студенттеріне салтанатты түрде қайта берілді. Сонымен қатарҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі күрделі жөндеуден өтіп, замануи үлгіде жабдықталды. Университет газеті республикалық статус алып, Фараби медиа телестудиясы жаңартылып, жаңа форматта жұмыс істеп келеді.


Бұл жұмыстардың бәрі Шер ағаң – Шерхан Мұртаза бастаған журналистикадағы сара жолды жалғастырушы бүгінгі мамандарға, білім алушы жастарға жасалып отырған қамқорлық. Қаламгер шығармашылығын насихаттауға бағытталған игілікті қадамдар унвиверситеттеәлі де жалғасатын болады.

ҚазҰУ-даөткенконференциядамемлекет қайраткері, ақын, драматург Нұрлан Оразалин қазақстандық журналистиканы жаңа деңгейге көтере білген Шерхан Мұртазаның басты жетістігін атап, естеліктерімен бөлісті. «Ол өз айналасына қазақстандық журналистиканың бет-бейнесін көрсететін үздік мамандарды жинады. Бұл оның тарихындағы тұтас бір дәуір», – деді драматург.

ПрофессорҚансейіт Әбдезұлы«Қазақ әдебиетіндегі Ш. Мұртазаның прозасы мен драматургиясының тарихи маңызы» атты баяндама жасады.«Шерхан Мұртаза–өз бойында жазушының таланты мен мемлекет қайраткерінің қасиеттерін біріктіре білген тұлға. ОлМұхтар Әуезов,Әбіш Кекілбаев, Жұбан Молдағалиевсынды тұлғалар шоғыры қатарында ерекше орын алады, – деді Қансейіт Әбдезұлы.

Қырғыз РеспубликасыҰлттық ғылым академиясының құрамындағы Ш.Айтматов атындағы тіл және әдебиет институтының директоры Абдылжан Акматалиев ұзақ жылдар бойы жеке таныс және тығыз қарым-қатынаста болғанШерхан Мұртазаны ерекшетолқыныспен еске алды. Ол «Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын қазақ тіліне керемет шеберлікпен аударып, қырғыз-қазақ қарым-қатынасын нығайту үшін мол еңбек еткен ұлы адам» деп атап өтті.

Конференция аясындаШерхан Мұртазаның шығармашылығы туралы фильм көрсетіліп,ҚР Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың құттықтаулары және онлайн форматта шетелдік ғалымдардың да арнайы құттықтаулары оқылды.
Шара барысындаұлттық идеология, ақпараттық қауіпсіздік, қазір белсенді қолданысқа енген жаңа медиа трендеріне қатысты түйткілді мәселелержан-жақтыталқыланды. Алдағы уақытта конференция материалдары ғылыми жинақта жарияланатын болады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі