ҚазҰУ профессоры америкалық журналдың редакция алқасына мүше болды — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ профессоры америкалық журналдың редакция алқасына мүше болды

27 желтоқсан 2011
ҚазҰУ профессоры америкалық журналдың редакция алқасына мүше болды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультеті қатты дене және бейсызық физика кафедрасының профессоры Ильин Аркадий Михайлович америкалық журналдың (American Journal of Condensed Matter Physics) редакция алқасы мүшелігіне енді.

Аталған басылым ғылымның іргелі «Физиканың конденсирленген күйлері» атты бағыты бойынша рецензияланатын ғылыми журнал болып табылады.

ҚазҰУ ұжымы Ильин Аркадий Михайлович еңбегіне табыс, шығармашылық жетістіктер тілейді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі