Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD Абдырақын Н. мектеп оқушыларымен кездесті — ҚазҰУ

91ý

Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD Абдырақын Н. мектеп оқушыларымен кездесті

20 қаңтар 2023
Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD  Абдырақын Н. мектеп оқушыларымен кездесті

19 қаңтарда қытайтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD Абдырақын Нұрхалық Алматы облысы, Іле ауданында орналасқан №6 мектеп-гимназиясына кәсіптік бағдар бойынша кездесуге барды. Кездесу барысында жоғары сынып оқушыларына ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы жан-жақты таныстырылды. Оқушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, шығыстың 8 тілі мен мамандық тар туралы тың мәліметтер алды. Сонымен бірге Абдырақын Нұрхалық бастауыш сынып оқушыларымен де кездесіп, оқу орнын таныстырып, мектептің кітапхана бөліміне өз кітапарын сыйға тартты.