Ректор Лондонда ҚазҰУ докторанттарымен кездесті — ҚазҰУ

91ý

Ректор Лондонда ҚазҰУ докторанттарымен кездесті

1 ақпан 2023
Ректор Лондонда ҚазҰУ докторанттарымен кездесті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңБасқарма Төрағасы– Ректоры Жансейіт Түймебаев Лондонға жұмыс сапары аясындаKing’s College Londonколледжінде оқитын ҚазҰУ докторанттарымен жүздесті.

Әңгіме барысында биология және биотехнология факультетінің 3-курс докторанттары Б.Гениевская мен М.Ермағамбетова Норвич қаласындағы Джон Иннес орталығында өтіп жатқан оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы баяндады.

Айта кетсек, Лондон корольдік колледжі – Англиядағы ең ірі және беделді университеттердің бірі. Ол 1829 жылы құрылды және әлемдегі білім беру және ғылыми қызмет саласындағы жетекші университеттердің бірі ретінде танылды. Университет студенттер саны бойынша Ұлыбританияда 12-орында (33 000).

Сонымен қатар кездесу барысында Жансейіт Түймебаев докторанттардың Кингс колледжіндегі оқу және тұрмыс жағдайларына қанықты.

Университет басшысы білім алушыларға арнаған сөзінде ҚазҰУ әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне ене отырып, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлап шығаруы тиіс екеніне назар аударды.

Бұл үшін жоғары оқу орны барлық жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасап отыр, ҚазҰУ білім алушылары оны дұрыс пайдалануы және өз елінің өркендеуі үшін барлық күш-жігерін жұмсауы тиіс.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі