«Туризм» білім беру бағдарламалары 8 жыл мерзімге ACQUIN халықаралық аккредитациясын алды — ҚазҰУ

91ý

«Туризм» білім беру бағдарламалары 8 жыл мерзімге ACQUIN халықаралық аккредитациясын алды

4 шілде 2026
«Туризм» білім беру бағдарламалары 8 жыл мерзімге ACQUIN халықаралық аккредитациясын алды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасы халықаралық білім сапасын қамтамасыз ету бағытында маңызды жетістікке қол жеткізді. «Туризм» білім беру бағдарламалары (бакалавриат, магистратура және докторантура) беделді халықаралық ACQUIN аккредитациясынан сәтті өтіп, 8 жыл мерзімге аккредиттелді.

ACQUIN (Accreditation, Certification and Quality Assurance Institute) – Германияда орналасқан, жоғары білім беру бағдарламаларының сапасын тәуелсіз бағалайтын және халықаралық деңгейде мойындалған аккредиттеу агенттігі. Агенттік білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқыту сапасын, ғылыми әлеуетін, халықаралық ынтымақтастығын және түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін кешенді түрде бағалайды. ACQUIN аккредитациясы білім беру бағдарламаларының халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетінін және олардың жоғары академиялық сапасын растайды.

Бұл жетістік кафедра ұжымының білім беру сапасын үздіксіз жетілдіру, халықаралық талаптарға сәйкес оқу бағдарламаларын дамыту және білім алушыларға сапалы білім беру жолындағы жүйелі еңбегінің нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар, аккредитация университеттің халықаралық білім беру кеңістігіндегі беделін нығайтып, білім алушылар мен серіктес ұйымдар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Осы маңызды нәтижеге қол жеткізуге үлес қосқан кафедра ұжымына, сондай-ақ аккредитация үдерісін үйлестірген оқытушылар – Айман Амангелдиновнаға, Зарема Маратовнаға және Алия Сағындыққызына жемісті еңбектері мен жоғары кәсібилігі үшін ерекше алғыс білдіреміз.

Рекреациялық география және туризм кафедрасының ұжымын халықаралық ACQUIN аккредитациясының сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік кафедраның халықаралық деңгейдегі сапалы білім беру мен академиялық дамуға деген ұмтылысының айқын дәлелі болып табылады. Алдағы уақытта да жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!