ҚазҰУ ғалымдары Digital Almaty халықаралық форумына қатысуда
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары мен білім алушы жастарыАлматыдаөтіп жатқан«Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік»атты халықаралық форум жұмысына қатысуда.
Инновациялық технологиялар индустриясын дамытудың заманауи жаһандық сын-қатерлерін талқылаған форумдаәлемдік халықаралық сарапшылар, IT-қоғамдастық, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерібас қосып, тәжірибе алмасуда.
Цифрландыру саласындағышарағаҚазҰУғалымдарыбілім беру бағдарламалары менғылыми жобалардытаныстырды. Алғашқы ұсынылған жоба «ЖетілдірілгенIBOX-әмбебап виртуалды құрылғы агентінің платформасы».Жобаның негізгі мақсатызертханалық және өнерксіптік жабдықтардың жұмысын бақылаудың отандық бағдарламалық-аппараттық кешенін әзірлеуге бағытталған.
Келесіғылыми жоба «Туризмнің цифрлық контентін жаңғырту: мобильді қосымшалар, панорамалық 3D турлар, интерактивті карталар және QR кодтар». Аталғанжобаның миссиясы – ішкі туризмді дамыту арқылы ел экономикасын әртараптандыру және Қазақстанның туристік бағыттары туралы ақпаратты шоғырландыруболып табылады.
Ал«91ý сериялы университеттік наноспутниктерді әзірлеу және құру» жобасы бүгінге дейін 91ý-1 және 91ý-2 наноспутниктерін ұшырған жемісті жоба. Әлемдегі ең беделді университеттер мен коммерциялық ұйымдар осындай шағын ғарыш аппараттарын әзірлеужәне құрумен айналысады.Жобаның негізгі мақсаты–наноспутниктерді әзірлеу саласында студенттердің білімі мен біліктілігін дамыту, командалық жұмыс, тайм-менеджмент сынды дағдыларды жетілдіру.
«Наноматериалдарға негізделген қабылдағыштар»жобасы өнімнің сипаттамаларын жақсартуға мүмкіндік беретінқабылдағыштардыжасау кезінде сенсор ретінде заманауи нанотехнологиялық тәсілдерді қолданады.
Алдын аладабыл, ескертуберуді қажетететінмекемелер өнімнің негізгі тұтынушылары болуы мүмкін.Олар: мектеп, ЖОО,өнерксіпорындары және т.б.
Сондай-ақ ауқымды шараға ҚазҰУ-дың «Компьютерлік инженерия», «Информатика», «Жүйелік инженерия», «Информатика» сынды білім беру бағдарламалары ұсынылды.БіліктіITмамандарыбас қосқан шараекі күнге жалғасады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі