PhD Досымбекова Рауан Өрікбайқызының «Сандардың лингвомәдени аспектісі» атты монографиясы — ҚазҰУ

91ý

PhD Досымбекова Рауан Өрікбайқызының «Сандардың лингвомәдени аспектісі» атты монографиясы

20 ақпан 2023
PhD Досымбекова Рауан Өрікбайқызының «Сандардың лингвомәдени аспектісі» атты монографиясы

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD Досымбекова Рауан Өрікбайқызының «Сандардың лингвомәдени аспектісі» атты монографиясы «Қазақ университеті» баспасынан шықты. Монографияда қазақ және қытай тілдеріндегі сандардың танымдық сипаты, екі тілдегі сандардың лингвомәдени интерпретациясы және таңба мен ұғым туралы құнды мәлімет беріліп, салғастырмалы түрде зерделенген. Монография жоғары оқу орындарының студенттері мен қытай тілі оқытушыларына, сондай ақ лингвистер мен мәдениеттанушыларға арналған.