Біліктілікті арттыру курсының ашылу салтанаты өтті
23 ақпан 2023
2023 жылдың 20-ақпан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институты мен Ланчжоу университеті бірлесіп ұйымдастырған Қазақстандағы жергілікті қытай тілі оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курсының ашылу салтанаты өтті. Онлайн форматта өткен іс-шараға шығыстану факультеті мен қытайтану кафедрасының басшылығы, Конфуций институтының басшылығы және Ланчжоу университеті Халықаралық мәдени байланыстар институтының басшылығы қатысып сөз сөйледі. 3 айға созылатын бұл курста оқытушылар әлемдегі қытай тілін оқытуда соңғы шыққан әдіс-тәсілдерді үйренеді.
Басқа жаңалықтар
23 маусым 2026
23 маусым 2026