8 Наурыз – Халықаралық йелдер күні құтты болсын! — ҚазҰУ

91ý

8 Наурыз – Халықаралық йелдер күні құтты болсын!

8 наурыз 2023
8 Наурыз – Халықаралық йелдер күні құтты болсын!

ҚҰРМЕТТІОҚЫТУШЫ ХАНЫМДАР,

ҚЫЗМЕТКЕР АЗАМАТШАЛАР,

БІЛІМ АЛУШЫ ҚЫЗДАР!

Сіздердікөктемнің шуақты мерекесі8 Наурыз – Халықаралық йелдермерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаев«Әйелдер қауымының жасампаздық қасиеті мен күш-қуаты жаңа Қазақстанның дамуына септігін тигізеді»депйелдер қауымыназор жауапкершілік жүктеген болатын.

Мемлекет басшысы күні кеше әйел-аналарды мерекемен құттыған сөзінде де «Шын мәнінде әрбір адам үшін анадан ұлы, анадан қымбат ешкім жоқ. Ең қастерлі құндылықтарымыз «Жер-ана», «Отан-ана» ұғымдарымен тығыз байланысты. «Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді» дейді. Бұл сөздің айрықша мән-маңызы бар. Ұлт болашағы ұрпақ тәрбиесінен басталады. Әр баланың жетістігі – ана махаббатының жемісі. Ұлы Абай айтқан «толық адамға» тән асыл қасиеттер ұрпақтың бойына ана арқылы дариды. Қазір еліміз дамудың маңызды кезеңіне қадам басты. «Әділетті Қазақстанды» құру үшін ауқымды реформаларды қолға алдық. Ең бастысы, ел ішінде отаншылдық, мемлекетшілдік рух мықты болуы керек. Біз көк байрағымызды биік ұстайтын, білімді, ұлтжанды ұрпақ өсіруіміз керек», – деп атап өтті.

Мемлекет талантты, талапты йел-аналардың дамуына жан-жақты жағдай жасап келеді.

Бұл реттеӘл-Фараби атындағы ҚазҰУғылым және жоғары білім саласындағы әйелдердің қоғамдағы рөлін кеңейтіп, ұдайы қолдау көрсетудіжалғастыра береді.

Біздің ұжымдайелдер қауымы оқытушы-профессорлық құрамының68пайызын(3055)құрайды.

Оның ішінде347ғылым докторы,572ғылым кандидаты,344PhD докторы,1ҚР ҰҒА академигі бар.

Сонымен қатар Ұлттық ғылым академиясының3корреспондент-мүшесі жұмыс істейді.

Университетіміздің көрнекті ғалымдары, басшылық құрамы, факультет, департамент басшыларының басымбөлігіханымдар.

Олардың ішіндебиология ғылымдарының докторы, профессоТамараМинажқызыШалахметова,филология ғылымдарының докторы, профессорЭленора ДүйсенқызыСүлейменова,филология ғылымдарының докторы, профессорОльга БаймұханқызыАлтынбекова, тарих ғылымдарының кандидаты, доцентКүлғазира НұранқызыБалтабаева,тарих ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал АбдразаққызыАлдабек, тарих ғылымдарының докторы, профессорЛәйла СейсембекқызыАхметованыңеңбегін ерекше атап өткім келеді.

ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР, ӘРІПТЕСТЕР!

Ұрпақ бойындағы асыл қасиеттереңалдымен ананың ақ сүтімен, мейіріммахаббатымен, ұлағаттытәрбиесімен дариды.

Сондықтан сіздергебілім мен ғылым саласындағыбелсенді жұмыстарыңыз және қосып жатқан үлестеріңізүшін ризашылық білдіріп,отбасыларыңызға амандықтілеймін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметпен

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетінің

Басқарма Төрағасы - РекторЖансейіт ТҮЙМЕБАЕВ