- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу
16 сәуір 2023
- Жансейіт Түймебаев ҚР ылым және жоғары білім министрінің қатысуымен өткен «ылым және бизнес: Қазақстанның инновациялық даму жолдары» атты ғылыми-инновациялық көрмесін тамашалады.
- Ректор ҚазҰУ қалашығы құрылысы ІІ кезеңінің басталуына байланысты естелік капсула салу рәсіміне қатысты.
- Жансейіт Қансейітұлы Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және Өкілетті елшісі Мұстафа Капуджумен жүздесті.
- Оқу ордасының басшысы Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағы президиумының VI отырысына қатысып, сөз сөйледі.
- Жансейіт Қансейітұлы Пенсильвания университеті заң факультетінің деканы Стивен Барнс пен бұрынғы АҚШ елшісі, профессор Денис Джеттпен кездесу өткізіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Кейін ректор Денис Джеттің көшбасшылық дәрісіне қатысты.
- Жансейіт Түймебаев «Tanmedia Group» директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасовпен бірге ҚазҰУ жас ғалымдарының көрмесін тамашалады.
- Ректор ылым апталығы аясында өткен жас ғалымдар байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
- Жансейіт Түймебаев Әзербайжан, Қырғызстан, Башқұртстан, Татарстан, Моңғолия, Түркия ылым академиялары Президенттерімен және Хазар университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
- ҚазҰУ басшысы еліміздегі ғалымдарды 12 сәуір – Қазақстандағы ылым қызметкерлері күнімен құттықтады.
- Жансейіт Қансейітұлы «Мұсылмандық Мысыр билеушісі: Қыпшақ текті Бейбарыс сұлтан және оның заманы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, баяндама жасады.
- Ректор Ресей Федерациясынан келген Оңтүстік Федералды университетінің жобалық қызмет жөніндегі проректоры Максим Бондарев және Халықаралық қызмет басқармасының басшысы Рубен Цицуашвилиді қабылдады.
- Жансейіт Түймебаевтың «ылым табыс көзіне айналуға тиіс» атты мақаласы "Егемен Қазақстан" газетіне және университтегі ғылым саласы бойынша берген сұқбаты «Айқын» газетіне жарияланды.