ҚазҰУ-да сенбілік өтті — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ-да сенбілік өтті

22 сәуір 2023
ҚазҰУ-да сенбілік өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жалпы университеттік сенбілік өтті.

Сенбілікке университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері, 2500-ге жуық оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер  қатысты.

Студенттер мен оқытушылар ұжымы  оқу ғимараттары мен жатақханалардың айналасын ретке келтіріп, сенбілікке белсене атсалысты.

Бірлескен жұмыстар нәтижесінде университет аумағы ретке келтірілді. 

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі