ҚазҰУ білім беру бағдарламалары ACQUIN аккредитациясынан өтті — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ білім беру бағдарламалары ACQUIN аккредитациясынан өтті

3 шілде 2026
ҚазҰУ білім беру бағдарламалары ACQUIN аккредитациясынан өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті алғаш рет 69 білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық ACQUIN аккредитациясынан өтті. Аккредитация мерзімі сегіз жылға беріліп, университеттің білім сапасы халықаралық деңгейде мойындалғанын растады.

Қайта аккредиттелген білім беру бағдарламалары сегіз жылға, алғашқы аккредитациядан өткен бағдарламалар алты жылға аккредитация алды. Бұл нәтиже ҚазҰУ-дағы білім сапасын қамтамасыз ету жүйесінің тұрақты дамуын және білім беру бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін көрсетеді.

Аккредитация философия және саясаттану, химия және химиялық технология, механика-математика, физика-техникалық, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект, география және табиғатты пайдалану, биология және биотехнология факультеттерінің, сондай-ақ Экономика және бизнес жоғары мектебі мен 91ý Business School білім беру бағдарламаларын қамтыды.

ACQUIN халықаралық аккредитациясы білім беру бағдарламалары мазмұнының өзектілігін, мамандар даярлау сапасының жоғары деңгейін, оқу жоспарларының еңбек нарығы талаптарына және жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің халықаралық тәсілдеріне сәйкестігін көрсетеді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі