«Салыстырмалы саясаттану: әдістері мен теориялары» — ҚазҰУ

91ý

«Салыстырмалы саясаттану: әдістері мен теориялары»

17 маусым 2013
«Салыстырмалы саясаттану: әдістері мен теориялары»

2013 жылдың 18 наурызы және 30 мамыры аралығында саясаттану кафедрасы Санта-Барбара қаласында орналасқан Калифорния университетінің саясаттану профессоры Синтию Капланды қабылдады. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне «Салыстырмалы саясаттану: әдістері мен теориялары» тақырыбындағы лекциялар курсын әзірлеп алып келді. Профессор Капланның мақсатты аудиториясы зерттеу еңбектерінің әдіснамалық бөлімін дайындау үстіндегі кафедра магистранттары мен докторанттары болды.