Аудармашылар ұйымының бірінші отырысы өтті — ҚазҰУ

91ý

Аудармашылар ұйымының бірінші отырысы өтті

1 қазан 2013
Аудармашылар ұйымының бірінші отырысы өтті

2013 жылы 1 қазанда филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетіндегі Tarzhiman club жас аудармашылар ұйымының 2013-2014 оқу жылындағы «ЖАС ТӘРЖІМАН» атты алғашқы салтанатты мәжілісі өтті.

Аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының меңгерушісі, профессор Ә.Тарақов аударма әлеміне қадам басқан жастарға табыс тіледі.

Кеш барысында 1 курс студентері клуб қатарына қабылданды. Tarzhiman club-тың тарихы мен жетістіктері туралы слайд көрсетілді. Клубтың гимні, эмблемасы, сайты таныстырылды. Аударма ісі бөлімінің барлық курстары өз өнерлерін ортаға салды. Кешті клуб жетекшісі, доцент Л.Мұсалы қорытындылап, клуб жоспарымен таныстырды.

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті