"Роман-герман тілдері" клубының университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Роман-герман тілдеі" атты дәстүрлі мерекесі өтті. — KazNU

91ý

"Роман-герман тілдері" клубының университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Роман-герман тілдеі" атты дәстүрлі мерекесі өтті.

15 January 2014
"Роман-герман тілдері" клубының университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Роман-герман тілдеі" атты дәстүрлі мерекесі өтті.

Аталмыш клуб аясында өтетін дәстүрлі жыл сайынғы мереке биыл университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Мереке жарыс түрінде орын алды. Бұл жылғы мерекенің тағы бір ерекшелігі Биология және Биотехнология студенттерін де қамтыды. Дүбірлі додада 4 топ сайысты: 1. Голланд тобы, 2. Биолингва тобы, 3. Фламенко тобы, 4. Итальян тобы. Бас жүлдені екі факультеттен құралған 1 курс ББ және 2 курс ҚФ мамандықтарынан құралған студенттердің тобы - Биолингва тобы жеңіп алса, 2-орынды Голланд, Фламенко топтары, ал 3-орынды Итальян тобы қанжығасына байлады.

Қазылар алқасы құрамында кафедрамыздық құрметті оқытушысы, фил.ғыл. докторы, профессор Сүлейменова Э.Д., деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Есімова Ж.Д., факультеттің аға куратор-эдвайзері Бектурова Э. және т.б. болды.