УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «НАУРЫЗ – ЖАҢА СЕРПІН, ЖАҢА ЛЕП!» — ҚазҰУ

91ý

УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «НАУРЫЗ – ЖАҢА СЕРПІН, ЖАҢА ЛЕП!»

15 сәуір 2014
УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ  «НАУРЫЗ – ЖАҢА СЕРПІН, ЖАҢА ЛЕП!»

«Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп» атты тақырыпта 1 сәуір күні әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде студенттер арасында байқау болып өтті. Байқауды филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті Мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушылары Салтанат Иманқұлова, Назкен Егізбаева, Шайгүл Рамазанова, Анар Ашировалар ұйымдастырды. Байқау мынадай аталымдар бойынша өтті: көркемсөз оқу, өнер сайысы (ән, би), көрініс (қойылым) көрсету.