«Білім беру аймағындағы зерттеулер: Стратегия және тәжірибе» — ҚазҰУ

91ý

«Білім беру аймағындағы зерттеулер: Стратегия және тәжірибе»

11 қараша 2014
«Білім беру аймағындағы зерттеулер: Стратегия және тәжірибе»

Аталмыш семинар білім беру мен ғылым интеграциясы саласындағы қазақстан және ресейлік ғалым-педагогтардың бастамасымен өткізілді. Семинар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен А. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың ғылыми бағытын жүзеге асырады.

Семинардың мақсаты - білім беру жүйесін сауатты реформалауға, білім беру тәжірибелерін байытуға, екінші жағынан білім мен ғылымның дамуын жылдамдатуға мүмкіндік беретін білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер нәтижелерімен және көзқарастармен алмасу.