«Экология» мамандығының магистранттары шетелде білім алуда — ҚазҰУ

91ý

«Экология» мамандығының магистранттары шетелде білім алуда

11 желтоқсан 2014
«Экология» мамандығының магистранттары шетелде білім алуда

«Экология» мамандығының магистранттары А. Ақманова, Г. Мұқанова, А. Нұрсанқызы, Г. Темірханова 2014-2015 оқу жылының күзгі семестрінде ШЫҰ университетінің бірлескен оқу бағдарламасы бойынша Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Шығыс педагогикалық университетінде білім алып жатыр.

Қоршаған орта Институтында (Чаньчунь қаласы) магистрлік диссертацияларын орындап, қорғауға дайындайды. ШЫҰ университеті аясындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерінің академиялық мобильділігі Еуразия білім беру кеңістігіндегі инновациялық ынтымақтастықтың сенімді платформасы болып табылады.