Сәби күлкісі – аналар бақыты — ҚазҰУ

91ý

Сәби күлкісі – аналар бақыты

12 наурыз 2015
Сәби күлкісі – аналар бақыты

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Джекебаева М.А. және бірінші курс «Дінтану» мамандығы студенттері мен магистранттары №2 Алматы қалалық балалар үйіне барып, 25 кішкентай балаларға көмек ретінде сыйлықтарын табыстап, студенттер өлеңдерін айтып, кішкене сәбилерді қуантып, осы балалар үйінің тәрбиешісі Бекетаева Нурзия ханымның алғысына бөленді.