«Абай - Верн» Халықаралық стипендиясы иегерлері — ҚазҰУ

91ý

«Абай - Верн» Халықаралық стипендиясы иегерлері

11 қыркүйек 2023
«Абай - Верн» Халықаралық стипендиясы иегерлері

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының «7М07101 - Мұнайхимия» БББ 2 – курс магистранттары  Жамантай Надир, Ақан Ақжол, Классен Иван, Тасболатова Нұрлы ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінің бірлескен стипендиялық бағдарламасы «Абай - Верн» Халықаралық стипендиясы иегерлері атанды.  Шәкіртақы 10 ай мерзімге беріліп, магистранттарға Клод Бернар 1 атындағы Лион университетінде оқуларын жалғастыруға мүмкіндік берді.