1923 жылғы 29 қазан күні Түркия Республикасының құрылғаны әлемге қуанышпен паш етілді. Түркия Республикасы 100 жыл бұрын Мұстафа Кемал Ататүрік және қарулас жолдастары тарапынан құрылды. Осы айтулы мерекеге байланысты 27-ші қазан күні Түріксой бөлімінің аға оқытушысы, PhD докторы С.Кошумджу, Э. Монтанай және 1-4 курс эдвайзерлері тарапынан мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Түркия Республикасы Бас консулдығының көмекшісі Э.Карабатак мырза, Шығыстану факультетінің деканы Н.В.Ем және Түріксой бөлімінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Декан Н.В.Емнің құттықтау сөзімен ашылған мерекелік кеш 1-4 курс студенттерінің түрік тілінде оқыған өлең жолдарымен, орындаған ән- күй, билерімен жалғасты. Кештің соңында деканның ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары PhD Эмре Карабатак мырзаға кафедра тарапынан дайындалған алғыс хатты табыстады. Мерекелік кеш әсерлі де мағыналы өтті.
аға оқытушылар Н.М.Шуиншина Мета, Ж.Абелдаев, Э.Монтанай

