ТДМ 13 "Климаттың өзгеруімен күрес"
2023 жылы қараша айының 1 жұлдызында 328 аудиторияда Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ-нің "Кеден, қаржы және экологиялық құқық" кафедрасының ұйымдастыруымен 3 Курс география және табиғатты пайдалану факультетінің «Жерге орналастыру мамандығының 3 курс студенттерімен бірге »"Климаттың өзгеруімен күрес" тақырыбында ғылыми семинар өтті. ылыми семинар Біріккен ұлттар ұйымының Тұрақты даму 13 - мақсатын іске асыру аясында өтті. ылыми семинарды "Кеден, қаржы және экологиялық құқық" кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Г.Т.Айғаринова ашып берді. Өз сөзінде, кафедра доценті әлемдегі климаттың өзгеруі, адамның өмірі мен денсаулығы үшін өте маңызды екенін ескере отырып, озон қабатының қазіргі кезде салыстырмалы түрде жұқарып кеткеніне тоқталды. ылыми баяндама жасаған студенттер дүние жүзіндегі климаттың өзгеруінің өзекті мәселелерін жан жақты талқылады. Сондай - ақ, ғылыми семинарда, қабылдаған мәліметтерді бекіту үшін әр түрлі нысандағы ойындар өткізіліп, ерекше озық студенттер ерекша аталып өтті. ылыми семинар қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар қабылданды.
Басқа жаңалықтар