ҚазҰУ студенті қазақ күресінен чемпион атанды — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ студенті қазақ күресінен чемпион атанды

17 қараша 2023
ҚазҰУ студенті қазақ күресінен чемпион атанды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті медицина және денсаулық сақтау факультетінің 3-курс студенті Саёра Мирзахметова Ақтау қаласында өткен ҚР чемпионатында қазақ күресінен 60 келі салмақта чемпион атанды.

Республикалық жарысқа еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан әртүрлі салмақ дәрежесі бойынша барлығы 500-ге жуық спортшы қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі