Факультеттің заманауи зерттеу инфрақұрылымы шетелдік және отандық ғалымдарға таныстырылды — ҚазҰУ

91ý

Факультеттің заманауи зерттеу инфрақұрылымы шетелдік және отандық ғалымдарға таныстырылды

2 шілде 2026
Факультеттің заманауи зерттеу инфрақұрылымы шетелдік және отандық ғалымдарға таныстырылды

Орталық Азияның орнықты дамуының факторы ретіндегі қашықтан зондтау: аридті аймақтардағы экологиялық мониторинг және бірлескен инновациялар» атты жыл сайынғы халықаралық ғылыми конференция және қашықтан зондтау технологиялары бойынша «Орталық Азия – Қытай» I симпозиумы аясында конференция қатысушылары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінің «Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану» ғылыми орталығында болды. Конференция жұмысына Қазақстан, Қытай, Үндістан, Германия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да елдердің жетекші ғалымдары мен мамандары қатысты.

Таныстыру барысында қатысушыларға орталықтың заманауи зерттеу инфрақұрылымы ұсынылып, география, экология, гидрология, климатология, геоақпараттық жүйелер, Жерді қашықтан зондтау, табиғи қауіп-қатерлерді мониторингтеу және табиғатты ұтымды пайдалану бағыттарында ғылыми зерттеулер жүргізетін 10 мамандандырылған ғылыми зертхананың қызметі таныстырылды.

Қатысушылар факультеттің ғылыми әзірлемелерімен, заманауи аналитикалық жабдықтармен, геоақпараттық және спутниктік технологиялармен, сондай-ақ халықаралық және ұлттық ғылыми жобалардың нәтижелерімен танысты. Әсіресе Жерді қашықтан зондтау технологиялары, ұшқышсыз ұшу аппараттары, жасанды интеллект және геокеңістіктік талдау әдістерін экологиялық мониторинг пен орнықты даму міндеттерін шешуде қолдануға бағытталған зерттеулер ерекше қызығушылық тудырды.

Кездесу барысында тәжірибе алмасу ұйымдастырылып, бірлескен ғылыми зерттеулерді дамыту, халықаралық жобаларды іске асыру, бірлескен ғылыми жарияланымдар дайындау, білім алушылар мен жас ғалымдардың академиялық ұтқырлығын кеңейту және ғылыми ұжымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

ылыми орталыққа жасалған сапар конференция бағдарламасының маңызды бөлігіне айналып, факультеттің жоғары ғылыми-зерттеу әлеуетін, заманауи зерттеу инфрақұрылымын және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ашық екенін айқын көрсетті.