ҚазҰУ түркиялық әріптестерімен бизнес-білімді дамытады — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ түркиялық әріптестерімен бизнес-білімді дамытады

1 желтоқсан 2023
ҚазҰУ түркиялық әріптестерімен бизнес-білімді дамытады

Әл-Фараби бизнес мектебінің (91ý Business School) өкілдері халықаралық байланыстарды нығайту мақсатында Ыстамбұлдың Айдын университетінде болды.

Сапар барысында ҚазҰУ делегациясы Ыстамбұлдың Айдын университетінің проректоры Зафер Асланмен және халықаралық академиялық ынтымақтастықтың үйлестірушісі Осман Гүлтекинмен кездесті.

Келіссөздер нәтижесінде Ыстамбұлдың Айдын университеті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум стратегиялық әріптестікті дамытып, оқу орындарының білім беру және интернационалдандыру саласындағы мақсаттарын нығайтуға жол ашады.

Сондай-ақ 91ý Business School өкілдері Ыстамбұлдың Айдын университетіндегі әріптестерімен кездесті. Жиынға қатысушылар пікір алмасып, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады. Кездесуде тараптар ғылым мен зерттеу саласындағы өзара ортақ мәселелерді талқылады.

Жұмыс сапары барысында қол қойылған меморандум білім, тәжірибе алмасу бойынша ұзақ мерзімді өзара тиімді әріптестікті қамтамасыз етеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі