Түбі бір түркі тілдері — ҚазҰУ

91ý

Түбі бір түркі тілдері

1 желтоқсан 2023
Түбі бір түркі тілдері

2023 жылдың 1 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түркітану және тіл теориясы кафедрасының «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы 3-курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Сапалы білім беру» бойынша Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру шеңберінде «Түбі бір түркі тілдері» тақырыбында семинар өтті.  Семинар барысында студенттер түркі тілдерін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне шолу жасай отырып, түркі этногенезі, түркі тілдерінің шығу тегі, қазіргі түркі тілдерінің экспансиясы туралы ой алмасты.

Ұйымдастырушылар: түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушылары: Ж.Ж. Кузембекова, Г.С. Нәбиева,  Досанова А.М.