ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ “ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ” МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ҚОСДИПЛОМДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ — ҚазҰУ

91ý

ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ “ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ” МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ҚОСДИПЛОМДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

29 желтоқсан 2023
ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ “ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ” МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ҚОСДИПЛОМДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

24 желтоқсан күні ҚазҰУ ректоры Жансейіт Қансейітұлы қосдипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ланчжоу университетінің Вице-президенті Гоу Сяохуамен және ҚХР білім министрілігі жанындағы Пекин ынтымақтастық және тілдерді даярлау орталығының директоры Ма Цзяньфэймен келісімге қол қойды. Бұл бағдарлама аясында, қытайтану кафедрасының “Шетел филологиясы” мамандығының студенттері 2+2 қосдипломдық бағдарламамен Қытайдың үздік Ланчжоу университетінде білім алуға қол жеткізеді. Студент алғашқы екі жылын қытайтану кафедрасында оқып, соңғы екі жылын Ланчжоу университетінде аяқтауға мүмкіндік алады. Қытайтану кафедрасына талапкерлерді асыға күтеміз!