Үздік оқытушы Шадкам Зубайда — ҚазҰУ

91ý

Үздік оқытушы Шадкам Зубайда

3 қаңтар 2024
Үздік оқытушы Шадкам Зубайда

2023 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы ылым және жоғары білім министрлігінің сайтында 2023 жылдың үздік оқытушыларының тізімі жарияланды. 43 қазақстандық ЖОО-ның 150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алады. Байқауға еліміздің 80 жоғары оқу орнынан барлығы 768 үміткер қатысты. Жеңімпаздар арасында филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Шадкам Зубайда болды. Ол 60-тан астам жарияланымның авторы, оның ішінде Scopus дерекқорындағы 9 мақала және web of science дерекқорындағы 3 мақала. Түрксой кафедрасы Шадкам Зубайданы осы айтулы оқиғамен құттықтап, одан әрі шығармашылық табыс тілейді!