КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ — ҚазҰУ

91ý

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ

5 наурыз 2024
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ  оқытушылары білім алушыларды Халықаралық инженерлік-технологиялық  университетіне апарып, "Ашық есік” күніне қатыстырды.  Ашық есік күні аясында  білім беру бағдарламасын, мамандықтар тізімін  қатысушылардың назарына ұсынды. Мамандықтар туралы  толық мәлімет беріліп, құжаттарды қабылдау тәртібі таныстырылды. Сонымен қатар, ҰБТ нәтижесі бойынша алдыңғы жылдың шекті балдары айтылды. Университет мамандықтары бойынша қайдай жұмыс орындарына орналаса алатынын түсіндірді. Лабораториялық аудиторияларымен және  студенттердің қызықты жобаларымен таныстырды.