Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік — ҚазҰУ

91ý

Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік

29 ақпан 2024
Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік

ҚазҰУ Бейіндік мектеп АӘТД оқытушысы, запастағы лейтенант  Жәнібек Кабдрасил  8-9 сыныптың білім алушыларына Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру жұмысын жүргізді.  Білім алушыларға жер сілкінісінің түрлері және жер сілкінісі кезінде әр адам өзін қалай ұстауы қажет екендігі жайлы нұсқаулық баяндама таныстырылды. Оқушылар үшін бұл тақырып пайдалы болды.