ТДМ 17: Студенттерге бір реттік стипендия тағайындалды — ҚазҰУ

91ý

ТДМ 17: Студенттерге бір реттік стипендия тағайындалды

15 наурыз 2024
ТДМ 17: Студенттерге бір реттік стипендия тағайындалды

Игі іс жасау ежелден бар қасиет. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ТДМ-17 аясында Алматы қаласындағы  Ауғанстанның Бас консулдығының қолдауымен 2024 жылдың 15 наурызы   ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ Ауғанстаннан меморандум шеңберінде қабылданған 25 тыңдаушыға 30 мың көлемінде бір реттік стипендия тағайындалып   табыс етілді. Факультет деканы С.А.Сартаев  Алматы қаласындағы  Ауғанстанның Бас консулының мәдениет жөніндегі көмекшісі Ахмад Фавад Америди қабылдап, болашақта да серіктестіктің жалғасатыны жайлы айтып, ризашылығын білдірді.  Кездесу барысында ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары Г.Т. Тилеужанова меморандум шеңберінде қабылданып, білім алып жатқан тыңдаушылардың сабаққа қатысуы, тәртібіне тоқтала келіп, болашақта Қазақстанның жоғары орындарына оқуға ұсынылатынын да атап өтті.