«Денсаулық нейроғылымы» — ҚазҰУ

91ý

«Денсаулық нейроғылымы»

18 наурыз 2024
«Денсаулық нейроғылымы»

2024 жылғы 18 наурыздаәре биофизика, биомедицина жне нейроғылым кафедрасының м.а. доценті Камзанова А.Т. 6В05109-Нейроғылым мамандығының 3 курс студенттерімен кез келген жастағы кез келген адамның салауатты өмір салтын қамтамасыз ету жне салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ТДМ 3 шеңберінде «Денсаулық нейроғылымы» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс бағдарламасы ми жне денсаулық арасындағы қарым-қатынас туралы түсінікті дамытуға, сондай-ақ нейроғылым деректері негізінде денсаулықты сақтаудың негізгі дағдылары мен жолдарын үйретуге бағытталған. Осы сабақ аясында позитивті даму механизмдері, шарттары, әдістері, когнитивті денсаулық пен салауатты ұзақ өмір сүру арасындағы байланыс жне біртұтас жеке денсаулық әдістері қарастырылды. Қосымша тапсырма ретінде студенттер денсаулыққа әсерететін қоршаған орта, әлеуметтік орта, ми қызметі, нейротрансмиттерлер, гормондар, жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері сияқты факторларды бейнелейтін денсаулық экологиясының диаграммасын талдады.