Заманауи педагогикалық технологиялар бойынша ЖОО аралық ғылыми семинар өтті — ҚазҰУ

91ý

Заманауи педагогикалық технологиялар бойынша ЖОО аралық ғылыми семинар өтті

9 сәуір 2024
Заманауи педагогикалық технологиялар бойынша ЖОО аралық ғылыми семинар өтті

2024 ж. 8 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасының профессоры Ф. Н. Дәулет  кафедраның «Аударма ісі» мамандығы бойынша оқитын магистрантта жне докторанттармен бірге Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де ЖОО аралық ғылыми семинар ұйымдастырды. ылыми семинарда білім беру процесіне тиімді инновациялық дістемелерді қолдану жне енгізу мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, профессор Ф. Н. Дәулет Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ шығыстану факультетінің мұғалімдері мен студенттеріне оқыту процесінде тиімді дістердің бірі ретінде өзі қолданып жүрген коллаборативті дісті қолдану жне енгізу барысындағы тәжірибесімен бөлісті. Фатимабибі Ноғайқызының пікірінше, коллаборативті дісті қолдану бакалаврлардың, магистранттардың жне докторанттардың үлгерімін арттыруға оң әсер етіп қана қоймай, сонымен бірге олардың метакогнитивтік дағдылардын қалыптастыруға, Soft skills жне hard skills дағдыларын дамытудың тиімді тәсілі бола алады. Ф.Н. Дәулет сонымен бірге, аталмыш әдіс білім беру процесіне қатысушы барлық жақтар арасындағы адамгершілік, ынтымақтастық жне серіктестік қатынастарға негізделген "оқытушы – білім алушы", кейде "оқытушы – білім алушы – жұмыс беруші" моделі бойынша тең құқылы топта білім беру жне тәрбие міндеттерін шешу білім алушылар үшін ғана емес, сонымен қатар оқытушының кәсіби дамуына да ықпал ете алады деп тұжырымдады. Қытайтану кафедрасының магистранттары мен докторанттары Жүнісбекова Л., Су Цзяинь, Саденова А., Нұрдәулет Ж., Ваң Ютиң, Ваң Лиңлиң, Басар Іңкәр, Дәңкей Бақнар оқу процесінде аталмыш дісті қолдануға қатысты өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар өз сабақтастарының, мұғалімдердің жне жұмыс берушілердің қатысуымен ғылыми жобалармен бірлесіп айналысу, зерттеу жобалары мен семинарлардың нәтижелерін топтық талқылау, семинар нәтижелерін өздік бағалау, мұғалімдермен жне өз сабақтастарымен бірге бакалаврларға бірлескен қамқорлық жасау жне оларды республикалық жне халықаралық ауқымдағы түрлі конкурстарға дайындау, мұғаліммен, сабақтастармен бірлескен кәсіптік бағдар беру жұмысына қатысу - осының барлығы – оқу барысында жаңа ғылыми ақпараттарды қабылдауды жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге, түрлі ортада топтық жұмыс жасау жне  ұйымдастыру дағдыларын дамытатын ұтымды әдіс деп атап көрсетті. Аталмыш ғылыми семинарда Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ шығыстану факультетінің мұғалімдері семинарда талқыланған жайттар бойынша өз пікірлерін ортаға салды,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасының профессоры Ф. Н. Дәулет, магистранттар, докторанттардың аталмыш әдіс аясында жүргізген жұмыстардың нәтижелерін жоғары бағалады. Атап айтсақ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ шығыстану факультетінің шығыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі  ф.ғ. к., профессор Г. Ж. Бүркітбай бұндай ЖОО аралық іс-шаралар біздің қоғамның түрлі салалары үшін жоғары білікті шығыстанушы мамандарды бірлесіп тәрбиелеуде, сондай-ақ оқытушылар арасында тәжірибе алмасу үшін тиімді құрал бола алатынын атап өтті.