Көзайым кездесу — ҚазҰУ

91ý

Көзайым кездесу

4 сәуір 2024
Көзайым кездесу

Сәуір айының 4-і күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай университетінде көзайым  кездесу өтті. Кездесу барысында республикаға танымал филолог ғалымдар университеттің профессорлық құрамы мен шәкірттерімен, Қостанай қаласының мәдениет саласының қызметкерлерімен жүздесіп, шығармашылық табыстарымен бөлісті, Университет кітапханасына өз туындыларын ұсынды. Басқосуға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Ш.А. Шортанбай да қатысып, «Сарасөз» кітабының әдеби-ғылыми маңызына тоқталып, таныстырылымын жасады.