Сапалы білім беру — ҚазҰУ

91ý

Сапалы білім беру

11 сәуір 2024
Сапалы білім беру

2024 жылы 11 сәуірде Тұрақты даму бойынша БҰҰ-ның тұжырымдамасын және ТДМ-4 іске асыру аясында – «Сапалы білім беру» бағыты бойынша заң факультетінің 1 курс студенттерінің ҚР Мемлекеттік орталық музейіне саяхаты ұйымдастырылды. Іс-шара Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының оқытушылары – з.ғ.к., аға оқытушы А.Ж.Жарболова, з.ғ.к., доцент Н.Қ.Мынбатырова және «Мемлекет және құқық тарихы» студенттік клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Музейге барудағы басты мақсат – музейдің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен тереңірек танысу болды. Студенттер музейдің ылыми Кеңесінің жұмысымен, музейдің ғылыми қызметкерлерінің еңбектерімен, ғылыми-қолданбалы жобаларымен, сондай-ақ музейдің қор экспонаттарымен жұмыс істейтін мамандандардың жұмысы туралы өте құнды ақпараттар алды.