Республикалық олимпиада — ҚазҰУ

91ý

Республикалық олимпиада

5 сәуір 2024
Республикалық олимпиада

2024 жылдың 1-5 сәуір күндері Қостанай қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың 10-11 сынып оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағытының шешуші кезеңі өтті. Мақсаты –  дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтау және нығайту. Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылардың жалпы санының 45%-нан құралатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Ш.А. Шортанбай қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қазылар алқасының құрамында болды.