Кафедра ғалымдары Қытай консулдығының марапатына ие болды — ҚазҰУ

91ý

Кафедра ғалымдары Қытай консулдығының марапатына ие болды

22 сәуір 2024
Кафедра ғалымдары Қытай консулдығының марапатына ие болды

Университетіміздің 2024 жылдың 19 сәуір күні өткен ылыми кеңесінде ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев қытайтану кафедрасының профессоры, «Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу» орталығының директоры Нәбижан Мұқаметханұлының Ұлттық ғылым академиясының «Құрметті академигі» деген атаққа ұсынылғанын арнайы жариялап, академик куәлігін ресми түрде табыстап құттықтады.Ректор отандық тарих ғылымына, оның ішінде күннен күнге маңызы артып келе жатқан қытайтану ғылымына зор үлес қосып жүрген Нәбижан Мұқаметханұлына ғылым жолында зор табыс, мықты денсаулық, биік абырой тіледі.