30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
Құрметті әріптестер, білім алушы жастар!
Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата заңымыз тәуелсіздігіміздің берік тұғырына, табысты дамуымыздың және еліміздің халықаралық деңгейдегі биік беделінің кепіліне айналды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әділетті Қазақстанды құру үшін Конституция қағидалары қатаң сақталып қана қоймай, қоғамның сана-сезіміне біржола орнығуға тиіс. «Адал азамат» деген атқа лайық әрбір адам Ата заңның биік мұраттарын қолдайтынына және оны өмірлік ұстанымына айналдыратынына нық сенімдімін», – деп атап өткен болатын.
Конституция – еліміздің біртұтастығын, азаматтардың құқығы мен бостандығын сақтайтын басты құжат, береке-бірлігіміздің алтын темірқазығы.
Азаматтық қоғам қағидаларын насихаттап, құқықтық білім беруде университетіміздің оқытушы-ғалымдары елеулі үлес қосып келеді.
Жаңа, әділетті Қазақстанды құру жолында жаңарған Конституциямызға сай іргелі реформаларды іске асыру – баршамыздың міндетіміз.
Ата заңымызды құрметтеп, бұлжымас қағидаларын қатаң сақтау – әрбір азаматтың парызы.
Ел іргесі бүтін, отбасыларыңыз аман болсын.
Сіздерге мықты денсаулық, еңбектеріңізге табыс пен жетістік тілеймін!
Құрметпен,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ