Рекреациялық география және туризм кафедрасының бірінші студенттері университетпен танысты — ҚазҰУ

91ý

Рекреациялық география және туризм кафедрасының бірінші студенттері университетпен танысты

3 қыркүйек 2024
Рекреациялық география және туризм кафедрасының бірінші студенттері университетпен танысты

Тамыз айының 27-нен бастап кафедраның бірінші курс студенттері үшін бағдар беру апталығы ұйымдастырылды. Осы аралықта университет табалдырығын аттаған студенттер Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қалашығымен жақыннан танысты. Студенттер өз куратор-эдвайзерлерімен бірге факультет ғимаратын, оның ішінде оқу аудиторияларын, университет мұражайы мен қалашыған, Әл-Фараби кітапханасын, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы мен жатақханаларын аралады. Университет инфрақұрылымымен жақыннан таныса отырып, студенттер өздеріне қажетті мағлұматтарды алды және жаңа достар арттырды.