Ең жоғары сұранысқа ие онлайн-курс — ҚазҰУ

91ý

Ең жоғары сұранысқа ие онлайн-курс

19 қыркүйек 2024
Ең жоғары сұранысқа ие онлайн-курс

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары  мектебі,   Экономика  кафедрасының  оқытушылары, атап айтқанда кафедра меңгерушісі э.ғ.к.,  профессор м.а. Даулиева  Ғ.Р.,  доцент Андабаева  Г.К.,  аға  оқытушы  Нурманова  Б.З.,  аға  оқытушы  Есенгелдиева  Г.Т.,  аға  оқытушы Табеев Т.П. 2023 жылы дайындаған &ܴ;Ксіпкерлік» онлайн-курсы open.kaznu.kz платформасында жарияланған болатын.

&ܴ;Ксіпкерлік» онлайн-курсы бизнесті құру және табысты жүргізу үшін барлық қажетті ақпаратты ұсынады. Ол кәсіпкерліктің негіздерінен басталады, кәсіпкердің негізгі қасиеттері мен рөлін ашады. Содан кейін курс бизнес-идеяны дамытуға және қаржылық жоспарлау мен стратегияларды қоса, бизнес-жоспар құруға көмектеседі. Онлайн курста белгілі кәсіпкерлерден алынған сұхбаттар келтірілген. Онлайн курстың тұрақты  даму мақсаты   сапалы білім беруді қамтамасыз ету және білім алу мүмкіндігін ынталандыруда көп үлес қосады.