Тәуелсіздіктен кейінгі Орталық Азиядағы кедейшілікпен күрес — ҚазҰУ

91ý

Тәуелсіздіктен кейінгі Орталық Азиядағы кедейшілікпен күрес

9 қазан 2024
Тәуелсіздіктен кейінгі Орталық Азиядағы кедейшілікпен күрес

2024 жылы 9 қазанда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і, Тарих факультеті, «Қазақстан тарихы» кафедрасының т.ғ.д., профессор Сайлан Болат Санабайұлының ұйымдастыруымен Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасы аясында «Тәуелсіздік кейінгі Орталық Азиядағы кедейшілікпен күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында бірнеше тақырыптарда баяндама жасалды. Дөңгелек үстелге тарих факультетінің 4 курс студенттері мен Қазақстан тарихы кафедрасының профессор-оқытушы құрамы қатысты.

Шараны ұйымдастырушы: Қазақстан тарихы кафедрасының т.ғ.д., профессор Сайлан Б.С.