Алматы қаласының тарихи мұражайы — ҚазҰУ

91ý

Алматы қаласының тарихи мұражайы

16 қазан 2024
Алматы қаласының тарихи мұражайы

25 қазан – Республика күніне орай, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының кураторлары Ә. Турсынбек пен М. Исмаилованың ұйымдастыруымен Алматы қаласының тарихы мұражайына экскурсия өткізілді. Шараның басты мақсаты – тыңдаушылардың Атамекені – Қазақстан және туған жері туралы білімдерін тереңдету, елге деген сүйіспеншілікті арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ достық пен бірлікті нығайту. Экскурсия барысында тыңдаушыларға Қазақстанның өткен тарихи кезеңдері баяндалып, Алматы қаласының әр дәуіріне тән құнды заттар мен суреттер көрсетілді. Тыңдаушылар алған әсерлерімен бөлісіп, маңызды тарихи мәліметтерге қанығып, ерекше көңіл-күймен оралды.